Атырауда мүгедек жандар үшін «Тиімді оңалту лагері» ұйымдастырылды. Бұл жоба қатысушылардың физикалық дайындығынан гөрі, ішкі сенімін, өмірге деген құлшынысын оятуға басымдық берді. Жоба шеңберінде қатысушылар белсенді қозғалыс пен өзін-өзі күту дағдыларын үйреніп қана қоймай, өздерін жаңа қырынан танып, қоғаммен қайта қауышты.