10 қазан кәсіподақтар күні. Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының бай тарихы мен маңызы биыл ерекше атап өтілуде. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы мен кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы — бұл еңбек қоғамы үшін аса маңызды мерейтойлар. Осыған орай, облыстық кәсіподақ бірлестігі қала және аудан бойынша өз мүшелерін бір арнаға тоғыстырып, кең көлемде шара ұйымдастырды.