Қазіргі таңда жасанды интеллект — әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Сондықтан Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмауы керек.Осы бағытта Аманат партиясының өңірлік филиалында Мемлекет басшысының “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауы кеңінен талқыланды. Жиынға партия мүшелері, сарапшылар мен жастар қатысты.