Ерекше балалар мен жастар аспаздық қабілеттерін тексеріп көрді. Курс кезінде балалар қарапайым тағамдарды дайындауды үйренген. Тәжірибелі аспаздар мен арнайы педагогтар олардың әр қадамын бақылап, көмектесіп отырды. Нәтижесінде, жастар аспаздық дағдыларын қалыптастырып, қоғамға белсене араласуға мүмкіндік алмақ.