Атыраудың егіншілері су үнемдеу технологиясын қолдана бастады. Биыл облыс бойынша 9600 гектар алқапқа дән себілген болатын. Ендігі мәселе осынау көптің ырзығын уақытылы суарып, мол өнім алу. Осы мақсатта 5100 гектар алқапқа тамшылатып суару, 4500 гектарға жаңбырлатып суару қондырғылары қойылды. Облыс бойынша егіс алқаптары мен шабындықты суландурыға арналған 21 канал бар. Оның 9-ы Махамбет ауданы аумағанда.