Жыл басынан бері облысқа балаларға арналған 14400 вакцина келген. Ал қызылшаға қарсы егілетін екпе саны 16500. Яғни ата-аналар түрлі аурудың алдын алу мақсатында балаларына екпені тұрақты түрде салдырады дейді дәрігерлер. Дегенмен екпе алуға қарсылық білдіретіндердің де саны жетерлік. Бұл туралы дін мен денсаулық сақтау салалары арасындағы ынтымақтастық кеңесінен отырысында айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында мамандар бұл мәселенің себебін анықтап, шешімін талқылады.