Дамуы тежелген балаларға арналған әлеуметтік жоба жемісін беріп жатыр. Дәлірек айтсақ, 2023 жылы басталған бағдарламаға сұраныс көп. Үш жасқа дейінгі балаларға ерте оңалту көмегін көрсететін игі іс «БолашақК» қоғамдық қоры мен «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қолға алынған.