Атырау облысы шаруалары үшін қысқы мал азығын дайындау қиындап барады. Климаты қатал, шабындығы аз өңірде жем-шөптің шығынын мемлекет тарапынан субсидиялау мәселесі аяқсып барады. 2021-23 жылдары шаруалардың жем-шөпке жұмсаған шығынын өтеуге облыстық бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген еді. Бірақ былтыр субсидия мүлде төленбей қалды. Малшылар ол жағдай биыл да қайталана ма деп алаңдайды. Тараптарды тыңдап келген тілшіміз баяндайды.