«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртті ауыздықтау жұмыстар қарқынды. Арнайы құрылған жедел штабтың үйлестіруімен тілсіз жаумен күрес күшейтілуде. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1500 гектардан астам жердегі өрт сөндірілген. Алайда қауіп әлі толық сейілген жоқ. Қамыстың түтіні мен бықсуы әлі де байқалады. Сол себепті мамандар сақ болуға шақырып, босаңсуға ерте екенін ескертуде. Арна тілшісі Асылан Мәлік аумақа арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Толығырақ келесі бейнематериалда.