Атыраулық мемлекеттік қызметшілер командасы Өскеменде өткен дәстүрлі спартакиадаға қатысып, өңір абыройын асқақтатты. Спорттық шара мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық рухты нығайту және спорттық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жүлдегерлерді облыстық әуежайдан әріптестері мен жақындары бар сән-салтанатымен күтіп алды.