Атырау жұрты бірнеше күннен бері көк түтіннің астында қалды. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында орын алған қамыс өрті әлі сөнбей жатыр. Сондай-ақ, ауадағы күкіртсутекі нормадан 9 есеге асқан. Басы ауырып, мазасы қашқан тұрғындар көп.