«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Осы ретте 5 маусым «Қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні» қарсаңында аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорындар мен еріктілердің қатысуымен «Таза аймақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Азаматтар аумақты қоқыстан тазартып, тұрғындарды табиғатты аялауға шақырды.