Оқушылар мұғалімдермен бірлесіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәстүрге айналдырған. Ұл-қыздар өздері білім алатын мектеп ауласына гүл егіп, көшет отырғызды. Таза табиғатты қалыптастыру өзіңнен басталады деген жастар осылайша қоршаған ортаға үлес қосып жүр.