Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біз тылда еңбек еткен жандарды ризашылықпен еске аламыз. Солардың қатарында — жерлесіміз, еңбек ардагері Есен Тасқынбаев бар. Оның өмірі мен еңбек жолы — өз ісіне адалдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Ол тек Атырау облысының ғана емес, бүкіл Батыс Қазақстан өңірінің дамуына елеулі үлес қосты.