Атырауда суға құлап кеткен жасөспірім әлі табылмады. Осыдан екі күн бұрын із-түссіз кеткен 17 жастағы Әлішер Көжікті іздеуге күштік құрылымдар мен ауыл жұрты атсалысып жатыр. «Бірақ арыны қатты Жайықтың бойын жіті тексеруге жұмылдырылған күш жеткіліксіз»,-дейді баланың туыстары.