Атыраулықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналған халық «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік концертті тамашалады. Шымылдығы хореографиялық композициямен ашылған шара этно-мәдени бірлестік өкілдерінің шеруімен жалғасты.