Атырауда ірі мұнай компаниясының қызметкерін өлтіріп кетті. Полиция марқұмның денесін өз пәтерінен тапқан. Ал қанды қылмысқа қатысы бар 38 жастағы ер адам кеше кешке қамауға алынды. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның жәй-жапсарын тілшіміз айтып береді.