Атыраулық 5 жасар Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпті сүйсіндірді. Музыкалық шығарманың екпініне дөп түсіп, динамикалық ырғағына қарай қозғалған кішкентай дирижердің қимылы мен өзге де талантты балапандардың өнері желі қолданушыларын тәнті етті. Ясина Исатай ауданында кішкентай өнерпаздардан құралған оркестрде 3 жастан бері өнер көрсетеді. Оркестр мүшелерінің үлкені бес жаста болса, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер.