Атырауда пәтерін қоқысқа толтырған қария көршілердің берекесін алған. Себебі, тұрмыстық қалдықтың жағымсыз иісі көпқабатты үйді түгел жайлаған. Халық тышқан мен зиянкестер қаптады деп ашынады. Тіпті, тұрғындар сасық баспанадан мәйіттің иісі шығады деп дабыл қақты. Халықтың шуынан кейін пәтердің ішінен расыменде зейнеткердің өлі денесі табылды. Мүрденің қанша уақыт бойы жатқаны белгісіз.