Атырауда Қазақстан Республикасының оқу ағарту ісінің үздігі Бекболат Абатовтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Биыл 2-ші мәрте ұйымдастырылылған басқосуда жас мамандар да баяндама жасауға мүмкіндік алды. Білім, ғылым, инновация және өндіріс атты пленарлық отырыста жаратылыстану ғылымдарының үздігінің ғылым жолындағы еңбегі, қызмет жолы насихатталды. Шәкірттері ұстаздары салған жолды жалғастырып инновация бағытына тоқталды. Бекболат Абатов 47 жыл мұғалім, 26 жыл бастауыш партия ұйымының насихаттаушысы болған тұлға. Оның тәлімін алғандар қатарында халық әртісі Бақыт Қарабалина, ҚР гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденов секілді бірегей тұлғалар болған. 9 шәкірті химия ғылымдарыныың кандидаты, тіпті докторы деңгейіне де жеткен.