Биыл КСРО — ның "Құрметті теміржолшысы" атағына ие болған тұңғыш қазақ Байбол Орақовтың туғанына 125 жыл. Осыған орай, өңірде шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Оған бас аяғы 11 команда белсенді ат салысты. Байбол Орақов еңбек жылдарында еңбекқорлығымен, тапқырлығымен және адалдығымен ерекшеленген батыр. Еңбек Қызыл Ту орденімен, "Еңбек айырмашылығы үшін" медалімен, сондай-ақ одақтас және республикалық теміржол басқармаларының Құрмет грамоталарымен марапатталды.