Атырау облысы Құрманғазы ауданында сал ауруына шалдыққан 100-ге тарта бала бар. Олардың дені 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Соңғы екі жылдан бері олар иппотерапия емінің арқасында оңалып келеді. Мұндай оңалту орталықтарының пайдасы орасан. Жалпы облыста сал ауруына шалдыққан 4,5 мың адам тіркелген. Оларға 4 орталық қызмет көрсетеді. Алайда былтыр бар болғаны 500-дей науқас қамтылыпты. Сондықтан иппотерапия орталықтарын ашу көзделіп отыр.