«Жеңіс рухы – Мәңгілік». Осындай атаумен Атырау көлік және коммуникация колледжінде облыстық әскери-қолданбалы спорттық байқауы өтті. Жеңістің 80 жылдығына арналған шараға оқу орнының 1 курс студенттері қатысып, бақ сынады. Үш кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар белсенділік танытты. Олар бірініші кезеңде жол қозғалысы ережелері мен белгілері бойынша сұрақтарға жауап берді. Кейін арнайы киім киіп жарысса, содан соң қаруды шашып, қайта жинаудан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Ұйымдастырушылар осы арқылы салауатты өмір салтын дәріптеп, жастарға патриоттық тәрбие беруді мақсат тұтыпты.