Атырауда №4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар үшін мерекелік ішара өткізілді. Ол бірден мамырдағы үш маңызды мерекеге орай ұйымдастырылды. Өнерпаздар бірлік, Отан қорғаушылар, Жеңіс мерекесі тақырыптарында ән айтып, би биледі. Артынша театрландырылған қойылым қойды.