Бұрын дәл осындай жәшікке пошташы алыстан келген хаттарды, газет-журналдарды ішіне салып кететін. Ал, қазір бәрі қолжетімді. Интернетіңіз болса телефонмен-ақ хат алмасып, жаңалықтарды оп-оңай қарай аламыз. Тіпті, қазір үйге газет жеткізетін пошташылар да азайды. Бірақ ауылдық жерлерде қызметіне адал, өзі кәсібін сүйетін жандар әлі де бар. Солардың бірі Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Төлеубек Қасанов. Ол 25 жылдан бері пошташы болып жұмыс істейді.