Доссор - Құлсары тас жолы бойында партиялық бақылау бекеті ашылады. Оның өзіндік себебі бар. Мердігер компания жөндеуді бастап, орта жолда тастап, жүргізушілердің ашуын туғызды. «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңесі тас жол бойында көшпелі отырыс өткізіп, жауапты мекеме басшылығына халыққа қолайлы жағдай жасау ұсынды.