Майдан және тыл ардагерлерінің ерлігін еске алып, жас ұрпаққа тарихи сана қалыстастыру өте маңызды. «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицейінде алдағы қос мереке арналған шеру өтті. Үш кезеңнен тұрған парадта майданда қаза тапқан ардагерлерге тағзым етілсе, кейін киім үлгісі көрсетіліп, жас сарбаздар ән шырқады. Рухани шараға жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен ұстаздары да қатысты.