Атырауда «Ұлттық киім» күніне орай 3 мыңға тарта тұрғын қазақы киімдерін киіп, шеруге шықты.Жадырап шыққан күн мен жүздері бал-бұл жанған ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мерекенің ажарын аша түсті. Мұнда мерекелік көңіл күй бірден байқалады.