Зейнетке жету үшін қарапайым жұмыста тер төгіп жүрген жандарсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Алдағы 5 жылда елімізде дәл осы мамандық иелеріне сұраныс артпақ. 2030 жылға дейін 403 мың жұмысшы қажет екен. Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандығы жылы" деп жарияланғалы бері аталған салаға ерекше ден қойылып отыр. Әсіресе, құрылыс, мұнай химиясы және көлік жасау салаларында еңбек ету үшін үлкен жауапкершілік қажет. Соның бірі - мұнай өнімдерін құю өндірісінің эстакадасы.