Ақпанның алғашқы бейсенбісі – дүниежүзілік сайлау күні. Бұл бастама 2005 жылы Будапештте өткен еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының конференциясында бекіді. Атаулы күнге орай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен ашық форматты жиын ұйымдастырылып, саяси жүйенің жай-жапсары сөз болды.