Жас сарбаздар өзара сынға түсті. Оқушылар әскери жұмыстарға бейімделіп, түрлі кезең бойынша жарысты. Сайыс Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және әскери қызметінің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. «Жас сарбаз – мәңгілік ел ұланы» деп аталады.