Қызылқоға ауданында шегіртке қаптады. Жағдай әсіресе, Жасқайрат, Тасшағыл, Көздіқара, Миялы, Қарабау ауылдарында қиын. Зиянкестер жайылымдық жерлердің түгін қалдырмай отап тастаған. Дәрменсіз отырмыз деп дабыл қаққан шаруалар өз күштерімен улау жұмыстарын жүргізіп те көрген екен