"Ақжайық" резерватындағы қамыс өртін дер кезінде сөндіруге техника тапшылығы қолбайлау болған. Депутат Дүйсенбай Тұрғанов осылай деді. Пікірінше, қызыл жалынмен күреске қажетті техникамен көлік құралдарының аздығы отты үдете түскен. Сондықтан, қаланы көк түтін басып, жағдай қиындаған деп топшылайды. Халық қалаулысы аймаққа сапары аясында резерваттағы жағдайды көріп, кеңес өткізді.