Атыраудағы арнайы экономикалық аймақ аумағынан шағын және орта кәсіп иелері бірнеше жылдан бері өндіріс орындарын аша алмай отыр. Өйткені мұнда электр қуаты жетіспейді. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары экономикалық аймақты энергиямен қамтитын «Karabatan Utility Solutions» компаниясы басшылығына электр қуатын арттыру жұмыстарын жеделдетуді ұсынды.