Өңірде еңселі егемендігіміздің айғағындай болған ұлттық мереке кеңінен тойланды. Осы орайда қала аумағындағы сауда үйлерде сазды бағдарлама ұйымдастырылған. Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өнерлерін ортаға салып, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.