Атырау облысында биыл 226 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның кесірінен 72 адам қайтыс болған. Мұның басым бөлігі - жүргізушілердің ережелерді елемегенінен, тәртіпке немқұрайлы қарағандығынан болып отыр. Тіпті, күні-түні жол күзетіп, апаттың алдын алуға атсалысып жүрген полиция қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспайтындар да жетіп артылады.