Қазақстанда лудомания белең алып барады. Әсіресе жастардың әуестігі алаңдатып отыр. Мамандар қазір тосқауыл қою мақсатында бірнеше шараларды жүргізіп, ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіп жатыр. Экономикалық тергеп тексеру департаменті жүргізген мониторингке сәйкес, соңғы бес айда қаржы пирамидасына иелік еткен 2 адамды құрықтап, зардап шеккен 35 адамға 49 млн теңге көлемінде қаржысын қайтарған.