Аймақта жағдай күрделі. Әсіресе, Махамбет ауданына қарасты Жалғансай, Талдыкөл, Сарайшық ауылдарына қауіп төніп тұр. Ағысы қатты Өр суы ауыл ішіне кіреберіс жолдарды шайып кеткен. Ал Талдыкөл ауылының тұрғындары екі күннен бері қалаға эвакуацияланып жатыр.