Махамбет ауданында салынып жатқан дамбы құрылысына 650 әскери қызметші тартылды. Қазіргі уақытта Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Аудандағы 21 елді мекеннің 17-і Жайық өзенінің бойында орналасқан.Қорғаныс дамбыларын салу жұмыстарына волонтерлар, ауыл тұрғындары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген әскери қызметшілер қатысуда. Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстары жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымы – жаңадан салынған дамбалар. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағалауына 800 мың қапқа топырақ салынып,текшеленді.