Өңірде өткен 3 тәулікте жеке үйлердің ауласынан 40 мың текше метр су шығарылды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыс орталғындағы 300 ге тарта үйге су басу қаупі төнген болатын. Осы күндері Орталық диспетчердің кезекші бөліміне 5 мыңға жуық қоңырау түскен. Атап айтқанда, Мирас, Сарықамыс, Балауса, Өркен, Жұлдыз, және ескі аэропорт шағын аудандары және ескі қала аумағы айдынға айналды. Наурыздың 26-29 аралығында облыста 18 милиметр, яғни 1,5 айлық мөлшерде ылғал түскен. Қазір барлық күш облыс орталығын жаңбыр суынан құрғатуға бағытталды. Оған 72 арнайы техника жұмылдырылып, күндіз-түні кезекшілікпен жұмыс атқаруда.