1999-2006 жылдары жеке тұрғын үй салуға кезекке тұрған тұрғындарға

Жеке тұрғын үй салуға берілген арыздар бойынша Кеңөзек ауылдық округі, «Қайнар» шағын ауданынан (Тасқала, Алғабас ауылдарына жақын орналасқан) газ, су, электр жарығы жүргізілген 660 жер телімі берілуде.

Осыған орай, азаматтарға Атырау қаласы әкімдігі, Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне немесе Кеңөзек ауылдық округінің әкімшілігіне келіп, хабарласу сұралады.