Департаменттің бастамасымен "23 маусым-мемлекеттік қызметшілер" күніне орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен спартакиаданың шымылдығы ашылды. Ресми іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, тартысты додада барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, департамент басшысы, мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген барлық қатысушыларға спортта да жарқын жеңістер мен сәттіліктер тілеп, құттықтауын жеткізді.