Қала әкімінің шешімімен қайта құрылған «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Хамидуллаев Бақтияр Жексенбайұлы тағайындалды. Ол 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжін аяқтап, техник-құрылысшы, үйлерді салу және пайдалану мамандығын, 2016 жылы - Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын тәмамдап, құрылыс мамандығын алған. Еңбек жолын 2015 жылы бастаған Бақтияр Жексенбайұлы 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.