Енді зағип жандар үшін болашақта қауіптен қорғайтын көзілдірік пайда болмақ. Мұны атыраулық жас ғалымдар ойлап тапты. Егер қолдау тапса, бұл өнертабыс талай зағип жанның қуанышына айналары сөзсіз. Қазір өңірде өнертапқыш өрендердің жаңа легі өсіп келеді. Бірқатар тың жобалардың авторларымен тілшіміз Нұржол Жақсылық кездесіп қайтты.