Облыс орталығына Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі Марат Ахметжанов іс-сапарымен келді. Өңір тұрғындарымен кездесіп көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Облыстағы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, ұрлық-қарлық, жол қауіпсіздігі турасында мәселелер талқыланды. Сондай-ақ полиция жұмысын трансформациялау туралы да сөз етілді. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған министр кейіннен баспасөз брифингінде облыстағы журналистермен де кездесті. Онда ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттар туралы, әзірленіп жатқан концепцияны баяндады. Бүгінде облыс аумағында бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдар бар. Атап айтсақ, олар Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылы, Құрманғазы ауданының Орлы ауылы. Бұл жетістіктер осы ауылдардағы ауыл әкімінің және учаскелік инспектордың тыңғылықты қызмет етуінің жемісі деді Марат Ахметжанов.