Кеше сағат 11:06 шамасында екі автокөлік өртеніп кетті. М.Баймұханов көшесінде орналасқан №3 қалалық емхана маңында «Toyota Hiace» және «Nissan Serena» автокөліктері өртенді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер сағат 11:27-де қызыл оттың бетін қайтарды. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД-нің 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан қасында орналасқан дүңгіршіктің бір жақ қабырғасы бүлінді. Айта кетейік, жыл басынан бері 30 автокөлік өртенген.