Еліміздегі ауқымды саяси науқан аяқталды. Өзгерістер жолындағы үлкен қадам десек те болады. Бұл сайлау өзінің ерекшелігімен де есте қалды. Мәжіліске өту үшін партиялар бұрын, кем дегенде 7 пайыз дауыс жинау керек болса, биыл бұл көрсеткіш 5 пайызға дейін төмендетілді. Соған сай, екзитполдың алдын ала нәтижесі бойынша 6 партия мәжіліске өтті. Сайлаудың саяси шешімі кім - кім үшін де маңызды, оның ішінде әсіресе жастардың күтері көп. Әрине бұл, бірінші кезекте, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың саяси реформасының оң нәтижесі. Мәжіліске өткен партия санының артуы, бәсекелестіктің ықпалды күшіне айналады. Билік пен халық арасындағы қатынас беки түседі. Сонымен қатар, үкімет жұмысының жедел әрі қарқынды белең алуына негіз болмақ.