Атыраудағы Қашаған кен орнының құрлықтағы нысаны - «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында компания мен мердігер компаниялардың 2537 қызметкері Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады. Облыс бойынша вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін 47 учаскелік комиссия тартылған. Айта кетейік, өңірде вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар саны 20 мыңнан астам болса, оның ішінде Теңізшевройл компаниясы бойынша 18 069, ал Қашаған кен орнынның Батыс Ескенеде орналасқан құрлық нысанында және теңіз кешенінде 3000-ға жуық адам жұмыс істейді. Теңіз кен орнында 15 көшпелі дауыс беру пункттері жұмыс істеді. Сайлау комиссиясының штабына Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардан Мәжіліс пен мәслихаттардың барлық деңгейдегі депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, жұмысшылардың бір бөлігі тіркеу орны бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның әртүрлі облыстарынан дауыс беруге арналған есептен шығару куәліктерін алып келген.

Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылды. Сайлау учаскелері Теңізшевройл мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беру үшін қажетті көлік құралдарымен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

ҚР заңнамасына сәйкес барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау ашық және жария түрде өтуде. Сондай-ақ, Құлсары қаласынан бақылаушылар келген.