Облыс бойынша үйден дауыс беруге науқас және егде жастағы сайлаушылардан барлығы өтініш 1375 түскен. Соның ішінде 105 жастағы қарт ана саяси науқанда өз таңдауын жасады. Көпті көрген қариялар бұл таңдаудың ел дамуына қосар үлесін жоғары бағалайды. Сондықтан тұрғындарды белсенділік танытуға шақыруда. Ақ жаулықты кейуана ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, ақ батасын берді.