Президент тапсырмасына сәйкес, ұлттық жоба шеңберінде медициналық нысандар салу 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Екі жылдық бағдарлама шеңберінед 18 ауылдық елді мекенде жаңа медициналық нысан салу көзделуде. Бұл жұмыстар жүйелі қарқын алмақ, содан кейін 11 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория және 6 фелдшерлік-акушерлік пункт салынады. Бүгінде облыста 90-нан астам медициналық мекеме бар. Оның 34-і мемлекеттік болса, қалған 56 жеке медициналық ұйым. Өңірдің бас дәрігері Асхан Байдуәлиев бүгінде елдімендердегі медицналық нысандар әбден тозған. Әрі фельдшерлік пункт пен емхана тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр.